жшс ндірістік практика есебі
Өндірістік практика есебі
Өндірістік практика есебі
Атырау энергетика және құрылыс колледжі
Просмотр содержимого документа
«Өндірістік практика есебі»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Өндірістік тәжірибе бойынша есеп
Студент: Губашева О.А.
Тәжірибеден өту орны: Атырау энергетика және құрылыс колледжі
Өндірістік тәжірибе жетекшісі: Бөлекбаева Г.Х.
Тәжірибе уақыты: 23.01.2017- 01.04.2017
2. Колледждің техника қауіпсіздігінің негізгі ережелері.
3.Студенттің өзіндік жұмысы.
Мен Губашева Орынгул Амангелдіқызы, өндірістік тәжірибемді «Атырау энергетика және құрылыс колледжінде» өттім. Тәжірибенің өту аралығы 23.01.2017-01.04.2017. Өндірістік тәжірибеден өту мақсатым, тәжірибеден өтетін мекемемнің құрылысымен, ол мекеменің бөлімдерімен, атқаратын қызметтерімен, қауіпсіздік ережелерімен, жұмысқа қатысты заңдармен, ақпараттық жүйелерімен танысу. Сонымен қатар, қазіргі таңдағы технологиялармен, ақпараттық жүйелермен, бағдарламалармен танысу және солармен жұмыс жасап көру. Мекеменің желілік байланыстарымен танысу және мүмкіндік болып жатса, теориялық алған білімімді іс-жүзінде жасап көру. Алдағы аталған мақсаттарға қоса осы өндірістік тәжірибе барысында ұйымның өзіне тән программаларымен танысып, солармен жұмыс істеу. Қазіргідей әлемдік ғаламдану процесі кезінде ақпараттар ағымынан адам баласы өзінің ұдайы дамып отыруына керекті ақпаратты саралап, пайдалана білу-бүгінгі уақыттағы басты мәселе. Ақпараттық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін оқу және жазу қабілеті сияқты сапаларымен бір қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналады.
Мақсатым: Студент еңбек заңдарын міндетті түрде орындау, еңбек қорғау және ішкі тәртіп ережелерін сақтау, қауіпсіздік ережелерін, жетекшінің тапсырмаларын орындау керек. Студенттер тәжірибе кезінде теориялық алған білімдерін тәжірибе жүзінде шыңдап, қосымша материалдар жинау және жаңа технологияларды игеріп қана қоймай, олармен жұмыс барысында қолдану. Жасалған программаларды жүргізу және қолдану, есеп нәтижесі мен мағлұматты өңдеу. Бағдарлама құру, бағдарламаларды орынату, әртүрлі қосымша ақпараттық жүйелерге байланысты мәселерді шеше алу.
Атырау энергетика және құрылыс колледжі
Колледждің техника қауіпсіздігінің негізгі ережелері
Бірінші барған күні жетекшім мені колледждегі техника қауіпсіздіктерімен таныстырды. Онда компьютерді қалай қосып-өшіру керектігін көрсетті. Және де электр сымдарына абай болу керек екенін айтып отырды. Компьютерді жұмыс істеп болғаннан кейін міндетті түрде сөндіріп қою қажеттігін, компьютердің алдына міндетті түрде кактус гүлін қойып қою көзге қауіпсіз екенін ескертті. Бөлмеден шығарда бөлменің терезелерін жауып, бөлмедегі электр жарығын сөндіріп кету керектігін айтты. Егер бұл міндеттерді орындамаған жағдайда кенеттен төтенше жағдай болуы мүмкін екендігін ескертті. Мен өзіме тиесілі жұмыстарды техника қауіпсіздігін сақтай отырып жұмыс істедім.
Техника қауіпсіздік шараларымен танысу. Сонымен жалпы алғанда мына техника қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет:
1. Есептеуіш техника бөлмесінде әрбір студент қауіпсіздік техникасының ережесін қатаң тәртіпте орындау керек.
2. Электр тогымен зақымдалған студентке әрбір студент алғашқы көмек көрсете білу керек.
• Электр тогымен зақымдалған кезде тезірек тоқты өшіріп, зақымдалған адамды сымнан босату керек.
• Егер демалысы тоқтап қалған болса, онда дәрігер шақырып жасанды тыныс алу жәрдемін көрсету керек. Ол минутына 16-18 рет бірқалыпты өту керек және қашан тыныс пайда болғанша жасау керек.
Студенттің өзіндік жұмысы
Бұл бөлімде өндірістік тәжірибеден өткен кездегі негізгі атқарған жұмыстарым берілді.
1.Компьютерлерге Windows 7 операциялық жүйесін орнату
. Windows 7 операциялық жүйесі плешка немесе диск арқылы орнатылады немесе интернеттен жүктеп алады. Бірақ лицензия кодыңыз болуы керек.
. Компьютерге диск салғаннан кейін өшіріп қайта қосамыз.
4.Перезагрузка жасаймыз.F10—- OK
6.Барлық шартарын орындап Келесі батырмасын шертеміз..
2. Антивирус орнату.
1.Браузерге www.kaspersky.kz сайтын жазып, оны іздейміз.
2.Версия 11— загрузить— открыть—-Далее— Запустить проверку..
Және де бұл бөлімде ақпараттық технологияларға байланысты барлық сұрақтар қарастырылып, компьютердің жабдықтарына байланысты ақаулардың барлығы шешілді. Мен өндірістік тәжірибе кезінде кәсіпорындағы компьютерлермен және де компьютерде Java Script, HTML тілдерін және Delphi программаларымен жұмыс жасап 4 жыл бойы алған білімімді өндірістік тәжірибеде қолдана білдім. Және де почталық қызметте, қаржылық қызметтерде жұмыстар істеп тәжірибемді арттырдым.
Тәжірибемнің есебімнің мақсаты – информатика пәнінің теориялық және әдістемелік негізі туралы мағұлмат алу, оны ұғыну, оларға талдау жүргізу. Сонымен осы диплом алды тәжірибеден мен кәсіби білімдерді тереңдету және информатика мамандығының болашақ мамандарының қажетті іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру, және өзімнің білім сапасын көтеру мақсатындағы дайындық жасадым.
Өндірістік практикасы бойынша есеп ЖШС «Семнан»
Автор: GCKH • Июнь 19, 2021 • Отчет по практике • 4,632 Слов (19 Страниц) • 133 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«Cемей қаласының Шәкәрім атындағы университеті»
коммерциялық емес акционерлік қоғам
Кафедра «Технологиялық жабдықтар және машинажасау»
(шифры, мамандықтың атауы)
Өндірістік практикасы бойынша
(практиканың өткізілген орыны)
Студент ІІ ТО-901 __________ Темешов Б.А
(курс, топ) (қолы, күні) (аты-жөні)
практика жетекшісі ____________ Ташыбаева М.М
практика жетекшісі ____________ _______________
Комиссия мүшелері ____________ _______________________
Белгілі бір өндірістік өнімдер немесе шикізаттар жасалып, көмекші материалдар дайындалып, қызмет көрсету операциялары жүргізілетін, сонымен қатар технологиялық үрдістің белгіленген бір түрімен (тігін тігу, аяқ киім жасау, ұн өнімдерін өндіру және т.б) айналысатын өндірістік кәсіпорынның құрылымдық бөлімшесі – «цех » деп аталады.
Жалпы цех аумағына қарай үлкен және шағын цех болып бөлінеді. Соның ішінде шағын цех, нақтырақ айтқанда ұн өнімідерінен әртүрлі тағамдық бұйымдар шығаратын шағын цехқа тоқталатын болсақ. Кез-келген шағын цех бизнестің негізгі бастауы, яғни, ұн өнімдерін өндіретін шағын цехтың бұл түрі балғын, жаңа өнімдер шығаруда және сол өнімдердің сапалы болуында жоғары мүмкіндікке ие. Қазіргі таңда бұл форматтағы цехтар сұраныста өте жоғары орын алады, себебі, бүгінгі күні мыңдаған ұн өнімдерінің рецептері белгілі болғанымен, соның ішінде тағамдардың ассортименттерінің сақталуына жауап беретін өнімдер шағын цехтарда әзірленеді.
Отчет по практике в «Алғабас А» ЖШС
Автор: damiko98 • Сентябрь 9, 2018 • Отчет по практике • 12,835 Слов (52 Страниц) • 1,425 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Кафедра «Есеп, аудит және талдау»
5В050800 «Есеп және аудит» мамандығы
студентінің өндірістік тәжірибе бойынша
АБЖЕТОВА АҚДАНА ТАЛҒАТҚЫЗЫ
Тәжірибе орны: «АЛҒАБАС А» ЖШС
Кафедра атынан тәжірибе жетекшісі: Успамбаева Мадина Карабаевна
Кәсіпорын атынан тәжірибе жетекшісі: Тасболатова Гүлшара
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІСТІК-ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІМЕН ТАНЫСУ. 4
1.1 Тәжірибе базасымен танысу. 4
2 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ. 11
2.1 Қысқа мерзімді активтер есебі. 11
2.2 Ұзақ мерзімді активтер есебі. 21
2.3 Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттемелер есебі. 23
2.4 Өз меншігіндегі капитал есебі. 27
2.5 Қаржылық есептілік. 29
3 БАСҚАРУШЫЛЫҚ ЕСЕПТІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ. 31
3.1 Өнім өндіруге кеткен шығындар мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау есебі. 31
4 ҰЙЫМНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІН ТАЛДАУ. 36
Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп, тасымалдайтын жүйе. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт-бағдар беріп, алдағы уақытта істелінетін жұмысын жоспарлап және сонымен қатар ол ұйымның болашақта атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасауға өте қажетті ғылым болып табылады. Яғни кәсіпорынның қызметі, қаржылық жағдайы туралы толық ақпарат беретін бухгалтерлік есептің бүгінгі күнгі басқару жүйесіндегі маңызы зор. Осыған орай, бухгалтерлік есеп саласында жоғары оқу орнында алынған теориялық білімдерді тәжірибиеде пайдалану үшін өндірістік тәжірибиесі өтілетін орын болып «Алғабас А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі таңдалды. 2017 жылдың 22.05-7.06 аралығында Ақтөбе облысы, Алға қаласында орналасқан «Алғабас А» ЖШС өндірістік практикадан өттім.
Қаржылық есеп ауқымында алған терең теориялық білімі арқылы экономикалық талдау мен негізгі құралдардың есебін жүргіземіз, ол Қазақстан Республикасының азаматтық құқықтары және заңнамаларды есепке ала отырып, әр түрлі экономикалық шешімдер қабылдап, ұйымның келешектегі қызметін жоспарлай білуі тиіс.
«Алғабас А» ЖШС-де өндірістік практика өту барысында келесі міндеттерді орындадым:
— кәсіпорынмен, оның қызмет саласымен, заңы мен құқықтарымен, басқаруы мен ұйымдастыру құрылымымен танысу;
— бухгалтерия жұмысының ұйымдастырылуын зерттеу;
— бас бухгалтер мен бухгалтерияның өзге де қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттерімен танысу;
— кәсіпорынның қаржылық есебін ұйымдастыру;
— алғашқы құжаттармен танысу;
— бухгалтердің жұмыс орнында өзіндік жұмыс дағдысы мен тәжірибе жинау;
— қаржылық есептілікті құру мен ұсыну тәртібімен танысу;
— өнім өндіруге кеткен шығындар мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.
Өндірістік тәжірибиесінің негізгі мақсаты білім алушылардың жоғары оқу орнындағы оқыту процесінде алған теориялық білімдерін тәжірибие негізінде бекіту болғандықтан, ол жерде жинақтаған білімімді қолдандым және қабылданған материалдардың, шот фактуралардың, жүк құжаттары мен орындалған жұмыстардың актілерін қабылдап, жинақтау және 1С: Кәсіпорын 8.2 бағдарламасында жүргізуді үйрендім.
Өндірістік практика есебі
Өндірістік практика есебі
Атырау энергетика және құрылыс колледжі
Просмотр содержимого документа
«Өндірістік практика есебі»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Өндірістік тәжірибе бойынша есеп
Студент: Губашева О.А.
Тәжірибеден өту орны: Атырау энергетика және құрылыс колледжі
Өндірістік тәжірибе жетекшісі: Бөлекбаева Г.Х.
Тәжірибе уақыты: 23.01.2017- 01.04.2017
2. Колледждің техника қауіпсіздігінің негізгі ережелері.
3.Студенттің өзіндік жұмысы.
Мен Губашева Орынгул Амангелдіқызы, өндірістік тәжірибемді «Атырау энергетика және құрылыс колледжінде» өттім. Тәжірибенің өту аралығы 23.01.2017-01.04.2017. Өндірістік тәжірибеден өту мақсатым, тәжірибеден өтетін мекемемнің құрылысымен, ол мекеменің бөлімдерімен, атқаратын қызметтерімен, қауіпсіздік ережелерімен, жұмысқа қатысты заңдармен, ақпараттық жүйелерімен танысу. Сонымен қатар, қазіргі таңдағы технологиялармен, ақпараттық жүйелермен, бағдарламалармен танысу және солармен жұмыс жасап көру. Мекеменің желілік байланыстарымен танысу және мүмкіндік болып жатса, теориялық алған білімімді іс-жүзінде жасап көру. Алдағы аталған мақсаттарға қоса осы өндірістік тәжірибе барысында ұйымның өзіне тән программаларымен танысып, солармен жұмыс істеу. Қазіргідей әлемдік ғаламдану процесі кезінде ақпараттар ағымынан адам баласы өзінің ұдайы дамып отыруына керекті ақпаратты саралап, пайдалана білу-бүгінгі уақыттағы басты мәселе. Ақпараттық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін оқу және жазу қабілеті сияқты сапаларымен бір қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналады.
Мақсатым: Студент еңбек заңдарын міндетті түрде орындау, еңбек қорғау және ішкі тәртіп ережелерін сақтау, қауіпсіздік ережелерін, жетекшінің тапсырмаларын орындау керек. Студенттер тәжірибе кезінде теориялық алған білімдерін тәжірибе жүзінде шыңдап, қосымша материалдар жинау және жаңа технологияларды игеріп қана қоймай, олармен жұмыс барысында қолдану. Жасалған программаларды жүргізу және қолдану, есеп нәтижесі мен мағлұматты өңдеу. Бағдарлама құру, бағдарламаларды орынату, әртүрлі қосымша ақпараттық жүйелерге байланысты мәселерді шеше алу.
Атырау энергетика және құрылыс колледжі
Колледждің техника қауіпсіздігінің негізгі ережелері
Бірінші барған күні жетекшім мені колледждегі техника қауіпсіздіктерімен таныстырды. Онда компьютерді қалай қосып-өшіру керектігін көрсетті. Және де электр сымдарына абай болу керек екенін айтып отырды. Компьютерді жұмыс істеп болғаннан кейін міндетті түрде сөндіріп қою қажеттігін, компьютердің алдына міндетті түрде кактус гүлін қойып қою көзге қауіпсіз екенін ескертті. Бөлмеден шығарда бөлменің терезелерін жауып, бөлмедегі электр жарығын сөндіріп кету керектігін айтты. Егер бұл міндеттерді орындамаған жағдайда кенеттен төтенше жағдай болуы мүмкін екендігін ескертті. Мен өзіме тиесілі жұмыстарды техника қауіпсіздігін сақтай отырып жұмыс істедім.
Техника қауіпсіздік шараларымен танысу. Сонымен жалпы алғанда мына техника қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет:
1. Есептеуіш техника бөлмесінде әрбір студент қауіпсіздік техникасының ережесін қатаң тәртіпте орындау керек.
2. Электр тогымен зақымдалған студентке әрбір студент алғашқы көмек көрсете білу керек.
• Электр тогымен зақымдалған кезде тезірек тоқты өшіріп, зақымдалған адамды сымнан босату керек.
• Егер демалысы тоқтап қалған болса, онда дәрігер шақырып жасанды тыныс алу жәрдемін көрсету керек. Ол минутына 16-18 рет бірқалыпты өту керек және қашан тыныс пайда болғанша жасау керек.
Студенттің өзіндік жұмысы
Бұл бөлімде өндірістік тәжірибеден өткен кездегі негізгі атқарған жұмыстарым берілді.
1.Компьютерлерге Windows 7 операциялық жүйесін орнату
. Windows 7 операциялық жүйесі плешка немесе диск арқылы орнатылады немесе интернеттен жүктеп алады. Бірақ лицензия кодыңыз болуы керек.
. Компьютерге диск салғаннан кейін өшіріп қайта қосамыз.
4.Перезагрузка жасаймыз.F10—- OK
6.Барлық шартарын орындап Келесі батырмасын шертеміз..
2. Антивирус орнату.
1.Браузерге www.kaspersky.kz сайтын жазып, оны іздейміз.
2.Версия 11— загрузить— открыть—-Далее— Запустить проверку..
Және де бұл бөлімде ақпараттық технологияларға байланысты барлық сұрақтар қарастырылып, компьютердің жабдықтарына байланысты ақаулардың барлығы шешілді. Мен өндірістік тәжірибе кезінде кәсіпорындағы компьютерлермен және де компьютерде Java Script, HTML тілдерін және Delphi программаларымен жұмыс жасап 4 жыл бойы алған білімімді өндірістік тәжірибеде қолдана білдім. Және де почталық қызметте, қаржылық қызметтерде жұмыстар істеп тәжірибемді арттырдым.
Тәжірибемнің есебімнің мақсаты – информатика пәнінің теориялық және әдістемелік негізі туралы мағұлмат алу, оны ұғыну, оларға талдау жүргізу. Сонымен осы диплом алды тәжірибеден мен кәсіби білімдерді тереңдету және информатика мамандығының болашақ мамандарының қажетті іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру, және өзімнің білім сапасын көтеру мақсатындағы дайындық жасадым.
Өндірістік практика есебі з «Агрохаб-КазНАУ»
Автор: ashat.aimahan • Апрель 7, 2021 • Отчет по практике • 3,367 Слов (14 Страниц) • 351 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
«Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті»
«Технология және биоресурстар» факультеті
«Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасы
«Технология және биоресурстар»
Өндірістік практика есебі
Есеп бет саны 17, 3 сурет, 3 кесте, 7 әдебиет.
Кілтті сөздер: Нан, нан өнімдері.
Мақсаты: Өндіріс орнында орналасқан аппараттармен танысу,жұмыс істеу тәртібін игеру. Жоғары оқу орнында алған теориялық білімді тәжірибе жүзінде іске асыру.
Қысқаша зерттеу әдістері: Нан пісіру цехы, нан өнімдерінің технологиясы.
Өндірістік практиканың мақсаты мен міндеттері
Өндірістік практиканың мақсаты-ұнды қабылдау және ұнды өңдеу технологиясын ғылыми зерттеу бағытында оқып білу, танысу. Өндіріс орнында қолданылатын технологиялық жабдықтармен танысып, жұмыс істеп үйрену. Осы мақсатта, мен Аймахан Асхат Қалдыбекұлы, «Технологиялық машиналар» мамандығының 3-ші курс студенті, нан өнімдерін өндіру бойынша өндірістік практикадан өттім. Практика өту мақсатыма ұн қабылдайтын және ұн өнімдерін өндіретін кішігірім кәсіпорынмен, сонымен қатар дайын нан өнімдерінің жағдайын бағалаумен қатар технологиясымен танысу кірді. Осы мақсаттарды орындау барысында мен өзіме бірнеше міндеттер қойдым.
1) «Агрохаб-КазНАУ» кішігірім нан пісіру цехымен танысу;
2)Нан пісіру кезіндегі технологиялық процесстермен танысу;
3)Нан пісірудің технологиясымен танысу;
4)Технологиялық процесстерді өндіріс негіздемелер бойынша сақтау жолдары бойынша теориялық және заттай талдау.
Анықтамалар мен терминдер
Бұл есепте келесідей терминдер мен анықтамалар кездеседі.
Піскен нан деп қара бидай және бидай ұнына ашытқы қосу арқылы пісіретін өнімді атайды.

